Ресейдің Орталық банкі биржалардың бірінде саудаға криптовалютаны шығруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бас банк төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов мәлімдеген.
Риа Новости агенттігінің мәліметінше, бұл мәселе әзірге талқыланып жатыр.
"Қазіргі уақытта ресейлік биржалардың бірінде криптовалютаны саудаға шығаруға болатын жоба бар. Бірақ әлі талқыланып жатыр", - деп мәлімдеген ол Петербургтегі халықаралық экономикалық форум кезінде.
Басылымның мәліметінше, Орталық банк ұлттық виртуалды валютаны құру бойынша жұмыс бастаған. Реттеуші технологияның мұндай түрі қажет деп есептейді. "Виртуалды ұлттық валюта бізде енгізіледі. Бұл бойынша біз жұмыс істей бастадық", - дейді реттеушінің орынбасары Ольга Скоробогатова.
Айта кетейік, жеке криптовалюта шығару туралы жоспарды Ұлыбритания, Сингапур және Қытай елі айтқан.
Ал Қазақстанның Ұлттық банкі криптовалютаны шығару тәсілдерінің қарастырылып жатқанын мәлімдеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы