Трамп АҚШ-тың 2018 жылғы қорғаныс бюджетінен 500 млн долларды Сүриядағы террорлық топтарға бөлуге бұйырған. Трамп билігі алдағы жылы Ирак пен Сүрияда «Жаттықтыру және жабдықтау» бағдарламасы үшін 1 миллиард 769 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты мәлімдеді.
АҚШ жалпы сыртқы әскери операциялар үшін 64 млрд АҚШ долларын дайындап отыр. Соның ішінде 1 млрд 269 млн қаржыны Ирактағы операцияларға, қалған 500 миллионын Сүриядағы PKK бөлшектеуші террорлық тобына беруді жоспарлады. Бұл мәліметтер АҚШ Қорғаныс департаментінің бюджет басқаруға қатысты бір құжатынан алынған.
Құжатта Сүрияда ДАИШ-пен күресу үшін 25 мың қарулы адамның дайындалғанын, ал 5 мың адам дайындық үстінде екені айтылған. Бөлінетін 500 миллион доллардың 393 миллионы қару-жарақпен қамдауға жұмсалмақ. «Жаттықтыру және жабдықтау» бағдарламасы аясында берілетін қарулар арасында ауыр от күші қаруларда бар.
Құжатта осы қаржының бөлінетін нысаны «Тексеруден өткен Сүрия оппозициясы» деп аталғанымен, көмектің көбі бөлшектеуші күрд террор ұйымы PKK-нің Сүриядағы бөлімшесі PYD/YPG топтарына берілмек.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны