АҚШ қорғаныс министрлігінің хабарламасына сәйкес, сейсенбі күні әскерилер құрлық аралық баллистикалық зымырандарды жерге жеткізбей жойып жіберуге арналған зымыранды сынақтан өткізді.
Басқарманың мәліметінше, Калифорниядан ұшырылған зымыранға қарсы бағытталған қару Маршалл аралдарынан ұшырылған баллистикалық зымыранға «тура соқтығысып», оның жерге түсіп жарылуын алдын алған.
Осы жылдың басынан бастап Солтүстік Кореяның сан мәрте өткізген баллистикалық зымырандарының сынақтарынан АҚШ әскері де қорғанысты нығайтқан.
АҚШ-тың ZWD зымыранға қарсы қорғаныс кешені 2005 жылы пайдалануға берілген болатын. Ол Жер атмосферасынан тыс кеңістікте құрлықаралық баллистикалық зымырандарды жойып жіберуге арналған. Бүгінде Аляска мен Калифорнияда 30 зымыранға қарсы құрылғылар орнатылды, ал тағы 15-і 2017 жылдың соңына дейін құрастырылады деп жоспарланған.