Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-Ин 30 мамыр күні зымыранға қарасы «Саад» жүйесі туралы мәлімдемелерді тыңдады. Мүн Жа-Ин мәліметтерді қарап шығып таңнаыс білдірді деп хабарлайды «Шинлаң» агенттігінің сайты. Себебі, белгілі «Саад» жүйесі үшін әкелінген екі зымыран қондырғылы көліктен тыс, құпия әкелінген 4 зымыран көліктері бар болып шықты. Соған дейін олар жайлы елдің жаңа президенті еш хабарсыз болған.
Бұл мәліметтерде Солтүстік Кионсан-Сеңжу жеріне орналастырмақ болған «Сад» жүйесінің зымырандары орнатылған көліктерінен тыс, төрт зымыран тасымалдаушы көліктің Оңтүстік Корея аумағына жеткізілгені туралы мәліметтерді қамтиды. Корея президенті Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ұлттық қарым-қатынас қызметі департаменттеріне бұл туралы арнайы тапсырма берген.
Кореяның ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, Ұлттық қарым-қатынас қызметі департаментінің бас хатшысы президенттің аталған мәліметті тапсырып аталғаннан кейін айырықша таңқалыс білдіргенін, осыған дейін «Саад» жүйесі туралы толық мәліметке ие емес екенін айтқан. Мәліметтерді тыңдап бола сала Корея Қорғаныс министірлігіне қоңырау шалып, Кореяға жасырын кіргізілген 4 зымыран тасымалдаушы көліктер туралы толық мәлімет беруін сұраған. Осыған дейін Корей қорғаныс тараулары бұл туралы мәліметті президентке ашып көрсетпей келген екен.
Өз еліндегі құпиялықтың шет-жағасын білгеннен кейін, жаңа президент Мүн Жа-Ин жасырын кіргізілген 4 зымыранға қарсы жүйе орнатылған көліктер туралы тексеруді бұйырған. Бұл шешімді кімнің қабылдағанын және әкелу барысы мен мақсаты туралы толық мәліметті талап еткен. Бұл іс туралы Корея президенті шындап тұрып кіріспек.