Леонель Месси төртінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды.

Леонель Месси 2016/2017 жылғы футбол маусымында "Барселона" сапында Испания чемпионатында 37 гол соғып, «Алтын бутсыны» ұтып алды.

Ал екінші орынға 34 голмен Лиссабондық «Спортинг» футбол клубының шабуылшысы Бас Дост тұрақтаса, үшінші орынды 31 голмен «Борруссия» ойыншысы Пьер Эмерик Обамейянг алды.

“The Qazaq Times”