ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбав "Болашақ" бағдарламасының жарты қаражатын Назарбаев Университетінде білім алуға жұмсауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Болашақ" бағдарламасының қаражатының бір бөлігін осы университетте білім алуға бағыттаудың уақыты жетті. Бастысы серіктестік инновациясының экожүйесін жүзеге асыру маңызды. Әлемге өз идеяларын ұсынатын жас ғалымдар кеңестер, бастапқы капитал және заңгерлік қызмет ретінде берілетін жүйелі қолдауға ие болу керек",  - деді Президент.

Президенттің сөзінше, университетте отандық басшылар мен оқытушылар білім алуы тиіс және  осы білім орнында  жинақталған үздік тәжірибе еліміздегі барша жоғары оқу орындарына енгізу керек.

“The Qazaq Times”