Дональд Трамп Ақ үйге қожа болған бір жылдам астам уақыт ішінде АҚШ үкіметіндегі жоғары лауазымдылардың ауыс-күйісі толастамады. Соңғы екі күнде Трамп айналасындағы бірнеше маңызды адамды Ақ үйден шығарып салды. Соның ең елеулісі АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсонды қызметтен алып тастау болды. Ал, дүйсенбі күні Трамп өзінің жеке көмекшісі Джон МакЭнтенің (John McEntee) жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы сол елдегі «WSJ» басылымы хабарлады.
Ақ үйдің қызметкерлерінің айтуынша, МакЭнтенің жұмыстан қуылу себебі анық емес, қауіпсіздік мәселесіне байланысты болуы мүмкін деген жорамалдар айтылады. Бұл іс турасында Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс те түсініктеме беруден бас тартқан. Ол журналистердің сұрағына: «Кадрларды ауыстыру мәселесі туралы мен түсініктеме бере алмаймын», – деген үзілді кесілді жауабын ғана айтқан.
МакЭнте Трамптың жанында ұзақ уақыт болған көмекшілердің бірі. Ол тіпті Трамптың күйеу баласы Кушнермен бірге ол президент болудан бұрын да сенімді жеке көмекшілерінің бірі болған. Алайда, МакЭнте өзге көмекшілері секілді көпшілік жұртқа танымал емес. Тек оның соңғы 3-4 жыл ішінде Трамппен ең жақын қарым-қатынаста болған адамның бірі екені белгілі. Дегенмен, оның жұмыстан қуылу себебі анық емес. Қызметтестерінің бірі бұл оның жеке ісіне байланысты болғанын айтқан. Ал, МакЭнте түсінік беруден бас тартты.
Ақ үйдегі кадрлық ауыс-күйістер көбіне қауіпсіздік мәселесіне байланысты болып жатқаны анық. Осыдан бұрын Трамптың күйеу баласы құпия мәліметтерге қол жеткізу құқығынан айырылған еді.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Иран: экономикалық күйзеліс пен саяси легитимдік дағдарыс