Мәскеуде жарылыс жасамақшы болды деген күдікпен төрт бірдей «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жақтастары ұсталды деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) мәліметінше ұсталғандар Орталық Азия мен Ресей азаматтары. Күдіктілердің пәтерін тінту барысында үйден бомба жасайтын құрал-жабтықтар мен пайдалануға дайын қолдан жасалған жарылғыш заттар табылған.
Бұдан бұрын жергілікті БАҚ өкілдері Мәскеудің Новопеределкин көшесіндегі үйлердің бірінен жарылғыш зат табылғанын хабарлаған болатын.
Итерфакс ақпарат агенттігінің мәліметінше, Новопеределкин көшесі мен Боровск тасжолы қиылысында орналасқан үйлердің бірінен Ресейде тыйым салынған «Хизбут-Тахрир» ұйымының діни кітаптары табылған.
Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі бұған дейін Башқұртстан, Магадан облысын мен Тверде ел аумағында террорлық ұйымдарды қаржыландырып жүрген бес адамды ұстаған.
Естеріңізге салайық сәуірдің 3 күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласының метросында жарылыс болып, салдарынан 16 адам көз жұмған болатын. Осыған байланысты жарылысты жасаған Акбаржон Жалиловпен қатысы бар деген күдікпен 11 адам қамауға алынған еді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?