Брюссельде Дональд Трамп пен НАТО-ға қарсы наразылық акциялары өтті деп хабарлайды Голос Америки ақпарат агенттігі.
Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАТО басшылары Бельгия астанасы Брюссельде өтіп жатқан НАТО самитіне келген болатын. Бұл НАТО басшылары мен Дональд Трамптың алғаш ресми кездесуі.
Бұған дейін Трамп президент сайлауы кезінде НАТО-ны терроризммен күресуге қауқарсыз, «ескірген» ұйым деп атаған болатын. Бірақ, кейінен АҚШ-тың алдағы уақытта НАТО-мен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін айтып, НАТО-ға мүше елдерден әскери алянсты қаруландыруға жалпы ішкі өнімдерінің 2 пайызын бөлулерін сұраған.
Дональд Трамптың осы сөздерінен кейін, кеше Брюссель орталығында НАТО басшылары мен Трамптың келулеріне қарсы наразылық шеруі өткен.
Шеруді ұйымдастырушы Стефани Демблонның айтуынша, НАТО-ға мүше елдердің ЖІӨ қыруар қаржысы білім, денсаулық салаларына емес, соғысқа жұмсалуына қарсы екендіктерін білдіру үшін осы шараны ұйымдастырған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді