Девальвациядан кейінгі бір жыл ішінде қазақстандықтар үшін демалу құны 27%-ға қымбаттаған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, демалуға кеткен шығын 2016 жылы бір адам үшін 49,5 теңгені құраған. Ал 2015 жылы демалу бір адамға 39 мың теңге болған. Мұндай мәліметтерді ranking.kz агенттігі келтіріп отыр.
Бұдан бөлек қазақстандықтарға шетелде демалу да біраз қымбатқа түскен. 2016 жылы бір адамның шетелде демалуға кеткен шығыны 144,9 мың теңге болған. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 46%-ға жоғары.
Ал Қазақстанның өзінде демалу шетелдегідей қымбат болмаса да ішкі нарық үшін біраз құнды. 2016 жылы орташа есеппен әрбір қазақстандық 31,5 мың теңге жұмсаған және бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 14%-ға жоғары.
Елде демалуды жөн көретіндерге алдымен тамақ қымбат болған. Мысалы 2015 жылы тамаққа жұмсалған қаржы 5,6 теңге болса, 2016 жылы 6,7 мың теңге жұмсалған. Тамаққа жұмсалған қаржы жалпы шығындардың 21,4%-ын құрайды. Ал көлікке кететін шығын 5,5 мың теңге болса, сувенирлер мен сыйлықтарға 2,9 мың теңге жұмсалған.