Facebook компаниясы өзіне тиесілі онлайн сервистерді біріктіруді көздеп отыр.  Instagram мен Messenger бағдарламаларын біріктіретін бағдарлама сынақтан өткізілуде.

Қазіргі таңда екі бағдарламадағы оқылмаған хаттардың есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамға келген барлық хабарламалар бір бағдарламаға топтастырылады, яғни негізгі бетті басқанда аккаунтқа керекті хаттардың барлығы шығып және олардың қай әлеуметтік желіден келгендігі де көрсетіліп тұрады. Бағдарлама құрастырушыларының пікірінше, бұл жоба арқылы барлық мессенджерлерді қолдану - ықшамды әрі жеңіл болады.

Бүгінде сарапшылар қолданушылар үшін аса қызықты тақырыптардың қандай екендіктерін анықтап, зерттеп жатыр. Сол арқылы Facebook, Instagram және  Messenger бағдарламаларын қолданғанда бір-бірінен оңай өтуге мүмкіндік беретін жолдары да қарастырылуда.

“The Qazaq Times”