"Самұрық-Қазына" Қытайдан 3 млрд доллар көлемінде қарыз алмақшы. Компания басшысы Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, Қытайдан қарыз алу дұрыс шешім және ол ұзақ мерзімге беріледі және олар қарызды ешбір кепілдіксіз беруге дайын. Бұл туралы ол мәжіліс отырысы кезінде мәлімдеді.
"Егер қарыз шарттары жақсы болса оны алу керек және жақсы идеялар мен жобаларға жұмсауға болады. Біз біраз уақыт бұрын Қытайда болдық. Қытай Үкіметі мен банктері Қазақстанға бір пайызбен ешбір кепілдіксіз ұзақ мерзімге қарыз беруге дайын. 3 млрд доллардың жобасын құрып жатырмыз. Қарызды біз нагізгі жоспар бойынша жұмсаймыз, сондықтан мұндай кредиттерді алуға болады деп ойлаймын", - деді Шөкеев.
Оның сөзінше, 8-9 маусымда Қазақстанға Қытайдан делегация келеді. Қарыз алудың анық-қанығы сол кезде талқыланатын болады.