Мұнай бағасының біраз көтерілуіне байланысты Қазақстан шетелге мұнай экспорттаудан пайда түсірді. Мысалы 2017 жылдың 1 тоқсанында экспаортан түскен түсім 6 млрд долларды құраған және бұл 2016 жылдың қаңтар-наурыз айымен салыстырғанда 35%-ға артық.
2%-ға төмен.
Бұдан нарықта мұнайға сұраныс бұрынға қалыпқа келмегенін және Қазақстанның мұнайына да, шешелдік қара алтынға да сұраныстың азайғанын көруге болады.
Қазақстан билігі мұнайдан түсетін табысқа тәуелді болмаудың жолын қарастырғанмен, экспорттан түскен түсімнің ең көп бөлігін осы шикізат өнімдері құрап отыр. Жалпы 2016 жылы мұнайды сату үлесі 55%-дан 57%-ға дейін өскен. Дегенмен бұл 2012-2014 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда төмен.
Қазақстанның мұнайын ең ірі көлемде сатып алушы бұрынғыдай Италия елі. Сатылымнан түскен пайданың 34,8%-ын осы ел қамтамасыз етіп отыр. Бір жыл ішінде Италия Қазақстаннан 545 млн долларға мұнай өнімдерін сатып алған. Сондай-ақ, Қазақстаннан Франция 497 млн долларға, Нидерланды 203 млн долларға мұнай сатып алған.
Дегенмен қазақстандық шикізатқа сұранысты Жапония, Қытай және Испания бірден азайтып жіберген. Мысалы осы жылдың қаңтары мен наурыз айында Жапониядан түсетін түсім 102,5 млн долларға, Қытайдан 91 млн долларға , Испаниядан түсетін түсім 79,5 млн долларға азайған.