Түркия, Грузия және Әзірбайжанның арнайы жасақтары бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізбек. Бұл туралы Грузия Қорғаныс министрлігінің басшысы Леван Изория мәлімдеді. Мәлімдеме Грузияның Батуми қаласында болып өткен Түркия, Грузия және Әзірбайжан елдерінің қорғаныс министрлерінің бесінші кезекті отырысынан кейін мәлім болды.
Түрік Теле-радиосының ресми сайтының хабарлауынша Грузия қорғаныс министрі кезекті отырыстың сәтті өткенін, тараптардың қорғаныс саласында бірқатар үйлестірулер жасағанын айтты.
Үш елдің арнайы жасақтарының бірлескен оқу-жаттығуы Грузияда болмақ. Бұған қоса күзде үш ел арасында арнайы жасақ қосындарына жоғары дәрежелі компьютерлік курс ұйымдастырылады. Мұндай бірлескен оқу жаттығуларды үш ал алдағы жылдарда дәстүрге айналдырмақ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы