Ұлыбритания. Манчестерде туылған жанкешті шабуылдан алғашында 19 адамның қаза болғаны және 60 адамның жарақат алғаны мәлім болған еді. Алайда жаралылар арасынан да қаза болғандардың бар екені анық болды. Қазірге дейін ресми мәліметтер бойынша қаза болғандар саны 22 адамға жетті. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.

Полиция жақ жанкешті жарылыс жасаушының да қаза болғанын мәлімдеп отыр. Тексерудің алғашқы нәтижесі бойынша жарылысты бір адам жүзеге асырған делінді. Соңғы мәліметтерге жүгінсек «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы аталған террорлық шабуылды өз мойнынан алғанын жариялаған.

Полиция тараулары жанкештінің қолдан жасалған жарылғышты өзімен бірге көрермендер топтасқан орынға алып кіргенін және жарылыстан кейін жанкештінің сол арада қаза болғанын айтты. Мұндай жанкешті шабуылдардың қаланың өзге жерлерінде, тіпті, елдің басқа да ірі қалаларындағы әлеуметтік іс-шаралар өтетін орында туылуы мүмкін екенін айтып ескертті.

“The Qazaq Times”