Шайбалы хоккейден Франция мен Германияның Париж және Кельн қалаларында  өткен  әлем чемпионатында Швеция құрамасы жеңіске жетіп,  чемпион атанды.

Канадалықтар мен Швеция құрамасы арасында өткен финалдық кездесуде 2:1 (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0) есебімен швециялықтар жеңіске жеткен болатын.

Өткен жылы Ресейде чемпион атанған Канада құрамасы бұл жылы  атағын қорғай алмай, екінші орынды місе тұтса, ал үшінші орынға – Ресей құрамасы жайғасты.

Шведциялықтар бұл жолы 10-рет жеңіске жетіп отыр.

“The Qazaq Times”