Қытай СIA (ЦРУ) барлау қызметінің Қытайдағы тыңшылар тобының көзін жойды деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
New York Times басылымының мәліметі бойынша соңғы екі жылда Қытай өз аумағындағы СIA (ЦРУ) барлау қызметінің 20 агенттерін ұстаған. Бұл жайында New York Times басылымына CIA барлау қызметінің бұрынғы агенттері хабарлаған.
CIA агенттерінің айтуынша, Қытайдағы ақпарат беруші топ мүшелері 2011 жылдан бастап жоғала бастаған. CIA (ЦРУ) барлау қызметінің болжамдары бойынша, 2010 жылы Қытайдың барлу қызметі CIA ішіне өз агенттерін жіберу арқылы Қытайдағы CIA агенттері жайында біліп алған.
Осыған байланысты АҚШ-тың FBI (ФБР) мен CIA (ЦРУ) барлау қызметтерінің тексеру жұмыстарының нәтижесінде, бұл іске CIA (ЦРУ) бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екендігі анықталған. Бірақ, оған байланысты дәлелдердің аздығынан ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған.
Әзірге New York Times басылымының бұл мәлімдемесіне CIA (ЦРУ) ешқандай ресми хабарлама жасамаған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау