Сүрияның солтүстік өңіріндегі Идлиб провинциясына жасалған әуе шабуылынан "Әл-Нусра майданы" тобының 25 адамы мерт болған.
Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Ресей немесе АҚШ жетекшілік ететін коалиция “Жабхат Фатех әл-Шамға” әуе шабуылын жасаған. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, қаза тапқандардың ішінде "Әл-Каида" ұйымынан шығып, өздері топ құрған ұйымның лидерлері бар.
Ресей мен Түркия аталған топтың мүшелері Сүриядағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімдегі тізімнен алынып тасталған.
Бірқатар оппозиция өкілдері де осы айда Қазақстанда өтетін бейбіт келісімге дайындықты тоқтататынын жариялады. Себебі олар Сүрия үкіметі мен оның жақтастары бейбіт келісімді бұзып отыр деп санайды.
centralasian.org


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау