Бакуде өткен Ислам ойындарында бокстан Әзербайжан ұлттық құрамасы бірінші орын алды деп хабарлайды oxa.az ақпарат көзі.

Ислам ойындарында 10 салмақ дәрежесі бойынша бокстасқан Әзербайжан құрамасы үш алтын, үш күміс, бір қола алып бірінші орын иеленген. Екінші орында бес медальмен (үшеуі алтын) Өзбекстан құрамасы. Үздік үштікті бес медальмен (екеуі алтын) Қазақстан құрамасы қортындылаған.

“The Qazaq Times”