Қытай астанасында дабыралы түрде болып өткен, сол елдің ортаға қойған «Бір белдеу, Бір жол бағдарламасының халықаралық форумы» көптеген елдердің басшыларын Бейжіңге жинады. Сол қатарда Ресей президенті Путин да Қытай астанасында болып, өзгелерден айрықша сый-құрмет пен қошаметте болып қайтты. Алайда, баспасөз мәжілісінде журналистер Ресей басшысына «Қытайдың жедел дамып, күш-құдіретке ие болуы Ресейді алаңдатпай ма?» деген сұрақ қойды.
15 мамырда Бейжіңде Путиннің қатысуымен баспасөз-конференция өткізілді. Ресей, Қытай тағы басқа да елдердің БАҚ өкілдері қатысты. Конференция да бір журналист Путинге: «Қытайдың жедел дамып, күш-құдіретке ие болуы Ресейді алаңдатпай ма? – деген сұрағын қойды. Путин оған: «Ресей кез-келген елден қорықпайды», – деп жауап қайтарды. Осыдан кейін ол: «Қытайдың бұл қадамдарынан ешқандай қауіп жоқ. Қытай басқа елдерге иегерлік ету мақсатымен жасап отырған жоқ. Екі ел ара барлық мәселелерде келіспеушілік жоқ. Біз өзіміздің шешімге зиян келтіретін қадамдарға бармаймыз. Сондықтан бұл жерде алаңдайтын не бар?», – деді.
Путин сонымен бірге Қытай нарығының ашық жүргізіліп отырғанын жоғары бағалады. Еуропалық ірі бизнес өкілдерімен келіссөздер кезінде де Қытай ашық экономикасы үшін басбармағын көтерді. Бұл бағасы қазіргі кезде Қытайда ақпарат құралдарда көбірек талқылану үстінде. Себебі, Азияның екі алыбы, бір-бірінің әр қимылын қадағалап отыратыны анық. Ынтымақтастық селбестіктермен татулық орнатқан екі ел арасында да, ақыр соңында қайшылыққа ұласатын мүдделердің бар екені кімге де болса белгілі.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер