Европа Кеңісі Әзербайжан билігінен тез арада саяси себептермен сотталғандарды босатуды талап етті деп хабарлайды www. dw.com ақпарат көзі.
17 мамырда Страсбургте Европа Кеңесінің комиссары Нилс Муижниекс Әзербайжан билігінің күн өткен сайын қатал болып бара жатқанын айтып, ресми Бакуден елдегі саяси себеппен сотталған адамдарды босатуын талап еткен.
Соңғы уақытта Әзербайжанда тәуелсіз журналист, блогер, оппозиция өкілдері мен азаматтық белсенділерді ел билігін сынағаны үшін түрмеге тоғыту жиілеген. Биылдың өзінде Әзербайжан билігі ел президенті Ильхам Әлиевті сынағаны үшін видеоблогер Мехман Гусейнов пен журналист Хадиджа Исмайлованы соттаған.
Хадиджа Исмайлова Ильхам Әлиевтің қыруар қаржыны афшор арқылы елден шығарғандығы жайында жазылған мақаласынан кейін сотталған. Бұл мақаланы басқаны үшін «Радио Свободаның» Әзербайжан қызметінің сайты ел аумағында бұғатталған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау