Құрама Штаттар 2015 жылғы "ядролық келісімде" көрсетілгендей, Иранға қатысты санкцияларды жеңілдетіп жатыр. Бірақ, Тегеранның зымыран сынағын жалғастыруына байланысты қаржылық шектеулер енгізілді.
Бұл ирандық қорғаныс министрлігінің екі шенеунігіне, бір иран азаматына, үш қытайлық компанияға және бір қытай азаматына қатысты болып отыр.
Мұндай шешімді мемлекеттік департамент пен қаржы министрлігі 17 мамырда Конгресте мәлімдеді. Онда АҚШ Таяу Шығысты тұрақсыздандырып жатқан әрекетіне қарсы тұруды жалғастыра береді делінген. Вашингтон Тегеранды Сүрияда азаматтық соғыс жүргізіп жатқан Башар Асадқа, Йемендегі хутси-көтерілісшілеріне және Ливандағы радикалды "Хезболлах" тобына көмектесіп отыр деп айыптайды.
Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде АҚШ-тың Иранмен ядролық бағдарламаны тоқтатқан жағдайда, біртіндеп сауда-экономикалық санкцияларды алып тастайды деген келісімді болдырмауы мүмкін екенін айтқан.
19 мамырда Иранда президент сайлауы өтеді. Иранның қазіргі президенті, АҚШ-пен "ядролық келісімге" келген Хасан Роухани екінші мерзімге сайлауға түсіп жатыр.