Hewlett Packard компаниясы әлемде тұңғыш рет жады рекордтық 160 терабайт болатын оперативті және тұрақты ақпарат сыйғыза алатын компьютердің прототипін таныстырды.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл соңғы нұсқадағы компьютерлер бір уақытта эквиваленті 160 миллион кітаптың көлеміне тең келетін ақпаратпен жұмыс жасап, талдап, сараптай алады.
The Machine ("Машина") аталмыш құрылғы Linux негізіндегі операциялық жүйемен жұмыс жасайды.