Micro Mote компаниясы көлемі 1 мм куб болатын әлемдегі ең кішкентай компьютерді жасап шығарды. Өзінің кішкене көлеміне қарамастан, «мини компьютер» камералардан бастап медициналық құрылғылардың да  есептеу орталығы бола алады. Сонымен қатар, интернет желісіне қосыла отырып, көптеген бағдарламалармен де жұмыс жасайды.

Micromote энергияны өте аз қажет етеді. Мысалы, өтіп бара жатқан автокөліктің дауысын анықтап, ауа температурасын, жарықты көрсету үшін небәрі бірнеше нановатт энергияны қажет етеді. Ал ақпарат тасымалдаушысы мәліметті 20 метр қашықтыққа дейін жібере алады.

The Qazaq Times