Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісім аясында Қазақстан қырғыз еліне 100 млн доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Парламент мәжілісінің пленарлы отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сәрсенбіде заң жобасын палатаның жалпы отырысында таныстыра келіп, аталған Келісімге 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласындағы ЕуразЭО мүше-мемлекеттері басшыларының жұмыс бабындағы кездесуі аясында қол қойылғанын атап өтті.

«Келісімге сәйкес қазақстандық тарап Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы үдерісіне жәрдемдесу мақсатында 100 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек көрсетеді», - деді Сүлейменов.

Министрдің сөзінше, көмек техникалық жәрдемдесу туралы Үкіметаралық жекелеген хаттамаларға сәйкес кезең-кезеңмен ақша қаражаттары, тауарлар, мамандарды оқыту түрінде беріледі.

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов аталған келісімге 2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының жұмыс бабындағы кездесуі аясында қол қойылғанын атап өтті.

“The Qazaq Times”