Венесуэла үкіметі экономикалық төтенше жағдай мерзімін осымен жетінші рет ұзартып отыр. Бұл жолы жағдай 13 мамырдан бастап 2 айға созылады. Ел Президенті Николас Мадуроның мұндай жарлығы Gaceta Oficial жарияланған.
Мұндай шараны қолдану арқылы Николас Мадуро Венесуэланың ішкі жағдайы мен халықтың құқығын қорғау мәселелерін реттеп алмақ. Сондай-ақ, бұл құжат қажет болған жағдайда азаматтарға берілетін конституциялық кепілдіктерді шектеуі мүмкін.
Негізінен экономикалық төтенше жағдай мерзімі Жоғарғы соттың Оппозициялық Ұлттық ассамблея билігін шектеген соң елдегі наразылық акциялары көбейгендіктен ұзартылып отыр. Шешім кері шегерілген еді, алайда оппозицияны жақтаушылар кезектен тыс сайлау өткізіп, сот мүшелерінің отставкаға кетуін талап етіп митингке шыққан. Акция басталғалы бері наразылыққа қатысқандардың арасында қаза тапқандар саны 40-тан асты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы