АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 14 мамыр күні журналистерді қабылдаған кезде, АҚШ пен Ресей арасындағы келіспеушіліктерді оңаудың аса қиын екенін айтты. Ол сөзінде: «Екі ел қатынасын бір қалыпқа келтірудің тетігі табыла қоймайды», – деді.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен аптада Уашингтон сапарында болып қайтты. АҚШ президенті Дональд Трамп пен мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп, келіссөз жүргізді. Бірақ келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін оптимистік тұрғыда қалып қойды. Тиллерсон 14 мамыр күні NBC арнасындағы телебағдарламада айтқан пікірінде: «АҚШ-Ресей қарым қатынасы бар болғаны қырғи-қабақ соғыс жылдарының ең төменгі шегіне түсірілді. Бәрі бірдей өзара сенімділік деңгейі өте төмен болып тұр», –  деді. Ол және де: «Бұл тұтас әлем үшін салауатты қарым-қатынас деңгейі болып саналмайды. Егер біз қарым-қатынасы  қазіргідей ең төмен деңгейде ұстап тұратын болсақ, бізге, Америка халқына, біздің ұлттық қауіпсіздігіміз және басқа да жақтар үшін де  салауатты қарым-қатынас болып табылмайды», – деген пікірін білдірді.

Тиллерсон: «АҚШ пен Ресейдің өткені мен кешкен тарихында айырмашылықтар зор. Бұл айырмашылықтардың олардың бүгінгі қарым-қатынасында әсер етпеуі мүмкін емес.  Шын мәнісінде, екі ел қатынасын толықтай қалпына келтіру» дегеннің өзі тозығы жеткен сөз. Сіз қалпына келтіру мүмкін деп ойларсыз, бірақ өткенге барып, тарихтың бәрін қайта жаза алмаймыз», – деді.

Бұрынғы президент Барак Обама президенттіктің алғашқы өкілеттілік мерзімінде АҚШ-Ресей қатынасындағы ұстанымы «Басынан қайта құру» болды. Алайда, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сенімділікті қолға келтіре алмады. Президенттігінің екінші кезеңінде Украина дағдарысы туылды да, Ресейден біржола күдер үзіп «мұздату» ұстанымын ұстанды.

Ал, Трамп президент сайлау қарсаңында талай мәрте АҚШ-Ресей қарым-қатынасын жақсартатынын мәлімдеген еді. Ол Путинмен жекелеген ынтымақтастықты жақсартып, екі ел арасында  терроризмге қарсы бірлескен жобаларды іске асыратындарын айтқан болатын. Тіпті оны Уашингтондағы шенділер «ресейшіл» деп атады. Алайда Трамп президент тағына отырғаннан кейін жағдайдың мүлде басқа екеніне көзі жетті.

Өткен жылғы АҚШ-тағы президент сайлауында Ресейдің араласқаны туралы сұрағанда Тиллерсон: «Ресейліктер біздегі сайлау процесімен ойнауға тырысады. Бұл ешқандай да күмән келтіретін іс емес. Бірақ, бұның соңғы нәтижесі қалай болды дегенге келер болсақ, біз бәріміз Ресейдің араласуынан ештеңенің бүлініп кетпейтінін көре алдық», – деп жауап берді.

“The Qazaq Times”