"Фарс" ақпараттық агенттігінің пайымдауынша Сүрия туралыКеңсесі АҚШ-та орналасқан ұлыбританиялық Al Jazeera арнасы және Лаңкестік топтардың мүшесі болып табылатын Валид Хенди араб және түркиялық арналардың Сүрия дағдарысында бұл елдің жүйесіне қарсы жалған бейне жасау арқылы әрекет етіп жатқанын мойындады.
Валид Хенди "Ақ қалпақтармен" бірігіп, Алеппода химиялық бомбалау сахналарын түсіріп, бұл видео түсірілімді түркиялық арнаның жүзеге асырғанын мойындады. Сонымен қатар, ол лаңкестік топтардың біреуіне қосылып, үш жыл бойы жергілікті кеңес және Парсы шығанағы төңірегіндегі араб елдерінің демеушілерінен қомақты сома алып отырғанын растады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде басқа салаларға қарағанда телеарна және спутниктік арналардың маңыздылығы соншалықты, кейбір әлеуметтанушылар телеарнаны "ең құдіретті ақпарат құралы" деп атайды. Шамамен 1950 жылдардан бастап теледидар қоғамдық тұтыну өнімі ретінде қолданысқа енді. Себебі, қарапайым халықтан зиялы қауымға дейін барша теледидарды пайдалана бастады. Ал басқа ақпарат құралдарының, мәселен, баспасөз немесе жаңа ақпарат құралдарының өзіндік ерекше оқырмандары бар. Мартин Шоу өзінің "Азаматтық қоғам және әлемдік дағдарыстағы БАҚ" атты кітабында: "БАҚ басқа кез келген әлеуметтік мекемеге қарағанда зорлық-зомбылық пен соғыстардың құрбандарын көбірек көрсетеді. БАҚ қоғамдық пікір арқылы саясатқа өз әсерін тигізіп отырады",- деді.
Сүрия жүйесіне қарсы мемлекеттер, әсіресе Араб елдері мен Түркия Сүрия дағдарысы жағдайында Сүрия жүйесіне қарсы саясат жүргізу үшін өзіне тәуелді БАҚ өкілдерін пайдаланған. Сондай БАҚ өкілдерінің қатарына Катардың Al Jazeera арнасы кері әсерлі бейне жасау, жалған бейне қалыптастыру және өтірік фильмдер түсіру арқылы Сүрия жүйесіне қарсы әрекет етуде.
Мысалы, Al Jazeera арнасының Сүрия дағдарысына қатысты жаңалықтары, хабарламалары мен бағдарламалары оның Катар үкіметінің уақыт өте келе күшейіп бара жатқан саясаттарымен бағыттас болып, Сүрия жүйесіне қарсы соғыс жүргізуге ынталандыратын секілді. Америкалық Al Jazeera арнасы 2013 жылдың тамыздың жиырмасы күні Сүрия жүйесін өз қарсыластарына қарсы химиялық қару қолданды деп айыптаған айтқан алғашқы арна болды. Бұл арна уәждерін дәлелдеу үшін көптеген жалған суреттерді жариялаған болатын. Кеңсесі АҚШ-та орналасқан ұлыбританиялық Al Jazeera арнасы 2013 жылы тамыздың 26-31 күндері бес күннің ішінде Сүрия дағдарысы туралы ұзын саны 321 хабарлама мен 26 сағаттық хабар мен сұхбаттар таратты. Бұлардың барлығы қоғамдық пікірді бұрмалау мақсатында Сүрия жүйесіне қарсы әскери шабуыл жасау қажеттігін тудыру үшін жасалған болатын.
Осы туралы айтқан сөзінде Валид Хенди: ""Ақ қалпақтар" химиялық шабуыл сылтауымен бізге арнайы қорғаныштық киім-кешек әкелді. Осы жалған шабуылды видеоға түсіру кезінде "Ақ қалпақтар" қауіп-қатер дабылдарын қағып, жарақаттанған адамдарды тасымалдау үшін арнайы зембіл де дайындап қойған еді. Содан кейін Сүрия әскерін шабуыл жасады деп өтірік айыптау үшін осы бейне материалдарды ғаламтор желісіне салдық",- деп мойындады.
Валид Хенди секілді лаңкестер араб елдерінен алып отырған ақшасы үшін "Ақ қалпақтар" атты ұйым шеңберінде Сүрия жүйесіне қарсы осындай жалған бейне жасаумен айналысады. Ал "Ал қалпақтар" өздерін мақсаты Сүрия соғысы кезінде жарақат алып, жапа шеккен адамдарға көмектесу саналатын азаматтық ерікті ұйым ретінде көрсеткісі келеді.

“The Qazaq Times”