АҚШ өзінің әскери арнайы жасақтарымен мақтануды жақсы көреді. Алайда америкалықтар олардың кемшіліктері жайында айтқылары келмейді дейді National Interest ақпарат көзі.

Осыған байланысты National Interest АҚШ арнайы жасағының бес ең сәтсіз операциясына тоқталады.

«Аттол Макиндегі рейд» операциясы.

1942 жылы американың әскери теңіз күштерінің 222 адамнан тұратын арнайы жасағы жапон аралдарына келіп түсіріледі. Олардың миссиясы Жапония үкіметінің стратегиялық маңызы бар нысандарының көзін құрту. Сол арқылы жапон әскерінің әлсіздігін әлем жұртшылығына дәлелдеу болған. Алайда АҚШ арнайы жасағы Жапония тарапынан күтпеген қарулы қарсылыққа тап болып, салдарынан 30 сарбазынан айырылып, Жапония аумағынан әрең қашып шыққан.

«Солтүстік Корея 205 биіктігі» операциясы.

1950 жылы 25 қараша күні АҚШ арнайы жасағы Солтүстік Кореяның Чхончихонган өзенінің бойындағы 205 биіктікті алулары керек болған. Алайда олар сол уақытта Солтүстік Кореяғы Қытайдың қалың әскері кіргізілгенін және олардың қарсы шабуылға шыққалы жатқандығын білмеген. Нәтижесінде операцияны орындауға жіберілген 87 сабраздың 21 ғана тірі қалған.

«Тегераннан кету» операциясы.

1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуылдан кейін,  ондаған америкалық дипломаттар қамауда қалған еді. Осыған байланысты АҚШ арнайы жасағына дипломаттарды Ираннан алып шығуға тапсырма берілген болатын. Бірақ операция барсында АҚШ әскерінің бір тікұшағы ұшақ тасмалдағыш кемеден көтерілген бетте құлаған. Ал енді бір тікұшағы белгіленген жерді таппай адасып кеткен. Үшінші тікұшағы шасси маңына қонған. Адасып кеткен АҚШ арнайы жасағы бейбіт тұрғындар мінген автобусты басып алып, көшеде кетіп бара жатқан жанармай тасмалдайтын көлікті жарып жіберген. Операция жайында Иран әскерилеріне белгілі болып қалғанан кейін, АҚШ арнайы жасағының тікұшағы кері қайтпақ болғанда жанармай құятын ұшақпен соқтығысып, сегіз адам көз жұмған.

Гренадағы «Қаһар жарқылы» операциясы.

АҚШ арнайы жасағы Гренада билігін не бәрі үш күн ішінде тақтан тайдырғанымен, осы үш күн ішінде америка арнай жасағы көптеген кедергілерге тап болған. АҚШ әскерилерінің Гренададағы ауа райын ескермеуі салдарынан арнайы жасақтың үш сарбазы суға батып кеткен. Бұдан бөлек Ричмонд-Хилл түрмесіне шабуыл жасау барысында үш бірдей тікұшағы құлап, нәтижесінде үш адам көз жұмған.

«Могадишо» операциясы.

1993 жылы Самолиде болған азамат соғысына АҚШ гуманитарлық миссияны сылтауратып араласқан болатын. Кейінен бұл үлкен көлемдегі әскери операцияға ұласып, «Сомали ұлттық альянсының» екі бірдей басшысын қолға түсіру мақсатында «Могадишо» операциясы іске қосылған еді. Әскери операцияны орындау барсында АҚШ әуе күштерінің екі тікұшағы құлап, арнайы жасақ белгіленген жерге жете алмай қалған. Салдарынан  19 арнайы жасақ сарбазы көз жұмған.

“The Qazaq Times”