Башар Асад Белоруссияның ОНТ арнасына берген сұхбатында шет елге босқын болып кеткен Сүрия халқын елге қайтып оралуларын сұрады.
Сұхбат беру барысында Башар Асад «Сүрия халқы кез келген күні елге қайтып орала алады. Біз бұл үшін бар күшімізді салуға дайынбыз.» деді.
Бұдан бөлек ол Сүриядағы соғысқа байланысты Женева келіссөздерінің түк пайдасы болмағандығын айтып сынға алды. Ал Астанада өткен келіссөздердің нақты нәтижесі болғанын алға тартып, Ресей, Түркия, Иран қол қойған Сүрия аумағында қауіпсіз аймақ құру жөніндегі бастаманы қолдайтынын айтқан.
Наурыз айындағы БҰҰ зерттеуі бойынша еуро одақ елдерін қоспағанда Түркия, Ливан, Иордания, Ирак, Египет елдерінде 5 миллионға жуық сүриялық босқын болып жүр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы