Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі барлық тұрғындарға электронды денсаулық  төлқұжатын енгізбек. Бұл жобаның сынақ мерзімі Астана қаласындағы 9-емханада басталды.

Электронды денсаулық төлқұжатын енгізу 2015 жылы денсаулық сақтау платформасын біріктіру мақсатында басталған үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады.

Кез-келген тұрғынның серверде өзінің жеке ұяшығы болады. Сол арқылы денсаулығына байланысты барлық мәліметтер сақталмақ. Ал платформаға кіру азаматтардың ЖСН нөмірімен жүзеге асырылады.

Жоспар бойынша, 1 шілдеге дейін электронды төлқұжаттың дайындық жұмыстары аяқталып, ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан  мәліметтерді порталға тіркеу басталмақ.

"The Qazaq Times"