Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин мен Дональд Трамп G20 самитінде кездесулері мүмкін деді журналисттерге берген сұхбатында.
«Путин де Трампта шілде айында Германияның Гамбург қаласында өтетін G20 самитіне барады. Сол жерде екі ел басшылары кездесіп, келіссөз жүргізуі мүмкін.» деді Дмитрий Песков журналисттер алдында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін сәуір айында Владимир Путин АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Мәскеуде кездессе, Дональд Трамп кеше Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Уашингтонда қабылдаған болатын.