2016 жылы АҚШ-тың президент сайлауында Дональд Трамптан жеңілген Хиллари Клинтон енді елдегі оппозициялық топтарды қаржыландыратын ұйым құрмақшы деп хабарлайды Politico ақпарат көзі.
Politico ақпарат көзінің мәліметінше Хиллари Клинтонның ұйымы Onward Together (Бірге алға) деп аталмақ. Клинтон ұйымды құру мақсатында соңғы екі аптада елдегі бір қатар оппозициялық топтардың мүшелермімен кездесу өткізген. Клинтонға бұл жобаға қаражат табуға сайлау кезіндегі қаржы директоры Дэннис Чэнг көмектеспек. Ал АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысының орынбасыры Джудит Маккейл мен АҚШ-тың Демократиялық партиясының экс-төрағасы Говард Дин елде Дональд Трамп билігіне қарсы тұралатын оппозициялық топ жасақтамақ.
Хиларри Клинтон 2001-2009 жылдары Нью-Йорк штатының сенаторы кейінен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарған. Ал 2016 жылы АҚШ-тің Демократиялық партиясының атынан президент сайлауына қатысып Республикалық партия мүшесі Дональд Трамптан жеңіліп қалған еді.
Сайлаудағы жеңілісінен кейін Клинтон 19 наурызда саясатқа қайтып оралғанын, енді Америкадағы жас саясаткерлердің өсуіне көмектесетінін мәлімдеген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы