Қытай мен Ауғанстан терроризмге қарсы бірігіп күреспек деп мәлімдеді Қытайдың сыртқы саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл жайында сәрсенбі күні Бейжіңде Қытай сыртқы істер министрі Ван И мен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмат Карзай кездесуінде келіссөз жүргізілген.
Кездесуде Қытай СІМ Ван И Ауғанстанмен бірлесіп терроризмге қарсы «Бір белдеу-бір жол» стратегиясын жүзеге асырғысы келетінін білдірген.
Ал Хекмат Карзай өз кезегінде Қытаймен бірлесіп Ауғанстан аумағында жасырынып жүрген лаңкестік ұйымдарды, оның ішінде «Шығыс Түркістан» террорлық тобын бір жолата ел аумағынан жойып жіберуді жоспарлап отырғандықтарын айтқан.
Сәуір айында АҚШ әскерилері Ауғанстан аумағындағы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы жойқын бомбы қолданғанан кейін. Ресей мен Қытай Ауғанстан жеріндегі АҚШ-тың әскери іс-қимылдарына алаңдаушылық таныта бастаған болатын.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы