Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы ойындары өтті. Матч нәтижелерін УЕФА ресми сайты хабарлайды.

"Ювентус" қонақта "Монаконы" 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да Игуаин соқты. Қарымта кездесу 9 мамырда өтеді.

Сәрсенбі күні Еуропа Лигасының жартылай финалдағы алғашқы матчы да ойналды. "Аякс" Амстердамда "Лионды" 4:1 есебімен жеңді. Қарымта кездесу Лионда 11 мамырда өтеді.

Еуропа Лигасының "Сельта" – "Манчестер Юнайтед" командалары арасындағы екінші жартылай финалы Вигода 4 мамырда ойналады.

“The Qazaq Times”