Гитлерді аңыз адам деп бағалаған жазбалар бар Джон Кеннедидің күнделігі Бостон қаласында өткен аукционда 718 750 долларға сатылды. Аукционның басында алғашқы баға 200 мың АҚШ доллары болса,  қорытынды есепте бұл көрсеткіш 3 жарым есеге артқан.

Күнделікті Джозеф Алсоп есімді америкалық өзінің жеке коллекциясын толтыру мақсатында сатып алған. 61 беттік күнделікте қолмен және машинамен жазылған қолжазбалар бар. Оны Джон Кеннеди 1945 жылы 28 жасында жазған екен. Бұл кезде болашақ президент Уильям Херсттің газетінде журналист болып істеп жүрген еді.

Джон Кеннедидің күнделігі
Фото: kdvr.com

Аукционды ұйымдастырушы Бобби Ливингстон: «Бұл жалғыз қолжазба Джон Кеннендидің әлемге белгісіз қырларын ашып қана қоймай, америкалықтардың осы тұлға туралы ел тарихындағы ең мықты қолбасшылардың бірі деген пікірлеріне айқын дәлел болып отыр» - деді.

1950 жылы Кенненди күнделігін өзінің көмекшісі Дейдр Хендерсонға берген болатын. Ал бұл құжат Джон Кеннедидің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараларлдың аясында аукционға қойылды.

“The Qazaq Times”