Ұлыбритания парламенті өз жұмысын уақытша тоқтатты деп  хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.

Ұлыбритания заңына сәйкес сайлауға 25 күн қалғанда парламент жұмысын тоқтатып, депутаттар парламент мүшесі деген лауазымынан айырылады. Ұлыбритания парламенті 3-ші мамыр күні түнгі сағат 00:01-де тараған. Бірақ парламент тарағанымен премьер-министр Тереза Мэй мен ел үкіметі өз жұмысын сайлауға дейін жалғасытра береді.

Естеріңізге салайық Тереза Мэй 18-ші сәуірде елде мерзімінен 3 жылға ерте сайлау өткізетіндіктері жайында мәлімдеме жасаған болатын. Мэй бұл қадамға Ұлыбритания тұрақтылығын сақтап қалу үшін барғандықтарын түсіндірген еді.

Соңғы әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда 8-ші маусымда өтетін сайлауда Тереза Мэй басқаратын Ұлыбритания Консервативтік партиясы жеңіске жететін тәрізді.

“The Qazaq Times”