Ресей халқының 64 пайызы Владимир Путинді қолдайды деп мәлімдеді РФ Левада әлеуметтік зертеу орталығы.
Өткен аптада Ресейде «2018 жылғы президент сайлауында кімге дауыс берер едіңіз» деген тақырыпта Левада орталығы әлеуметтік зертеу жүргізген. Зертеудің нәтижесінде ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский мен КПРФ басшысы Геннадий Зюганов 3 пайыз, РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 1 пайыз сайлаушылардың дауысын алған.
Ал Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин халықтың 64 пайыз дауысын жинаған. Бірақ Путин әзірге Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысу, қатыспау жайында ешқандай мәлімдеме жасамаған.
Владимир Путин осыған дейін 3 рет президенттік сайлауға қатысып, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. 7-ші мамыр күні Путиннің Ресейді басқарып келе жатқанына 17 жыл толады.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы