Қытай және Швейцария ғалымдары қандағы қант деңгейін анықтап отыратын мобильді қосымша жасап шығарды. Зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine басылымында жарияланған.
Биологтар қант диабетіне шалдыққан бұлшық етке тәжірибе жасаған болатын. Зерттеу барысында кеміргіштердің ағзасына қандағы глюкоза мөлшерін реттеп отыратын инсулин мен басқа да гормондар енгізілген. Жасушалар алыстағы қызыл түспен белгіленген белгілі бір қашықтықтағы толқындардың әсерінен қажетті заттарды өндіре бастайды.
Имплантацияға қажетті жасушалар мен қызыл түсті диодтар гидрогель қабықшасына орналастырылады. Смартфондағы қосымшаны қолдана отырып, зерттеушілер сол арқылы жасушаларда өндірілетін гормондардың мөлшерін анықтап және сәулелену қарқындылығы мен ұзақтығына мониторинг жасап отырған.
Осы жартылай автоматтандырылған жүйенің арқасында қандағы және бұлшық еттердегі глюкоза деңгейі қалыпты деңгейде сақталған.
Ғалымдардың пікірінше, жасушалардың трансплонтациясына негізделген бұл техналогия диабетті емдеуде үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр.
“The Qazaq Times”