28 сәуір, жұма күні Нью-Йорктегі БҰҰ Орталық кеңсесінде, Солтүстік Корея ядролық мәселесін басты тақырып еткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі өтті.
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Қауіпсіздік кеңесі мәжілісінде Солтүстік Кореяның Қауіпсіздік кеңесі қарарын бұзып, ядролық бағдарламаларды іске асырып жатқанын айыптады. Салдарынан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке ауыр қатер төнгенін айтты. Барлық тарапты байсалдылықпен ядролық қарусыздануға және ядролық қаруды таратпауға шақырды.
Гутерриш қате жорамалдар мен түсінбеушіліктердің өңірдегі ушығып тұрған соғыс қатерін үдетуінен алаңдайтынын жеткізді. Ол Солтүстік Кореяны жалғасты қару сынағын жасамауға шақырды. Сонымен бірге халықаралық қоғамдастықтарды шиеленісті жеңілдетуге күш салуға үндеді.
БҰҰ Бас хатшысы барлық тараптың шыт-жаңа тығыз байланыс орнатуға тырысуын, әсіресе әскерилер арасында шиеленісті ұлғайтатын барлық әрекеттен бас тартуы керек деді.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы