Саясатты зерттеу бағалауға бірнеше рет қатысқан Ақ үй шенеунігінің айтуынша, Ақ үй өткен аптада АҚШ Мемлекеттік департаменті ұсынған жобаны қабылдамай тастаған. Бұл құжат жобасы Иран ядролық бағдарламасы ісіне қаратылған. Алайда, құжат бойынша Иран ядролық бағдарламасы Трамп үкіметі килігетіндей деңгейде емес болып шыққан. Ақ үй тарабы АҚШ Мемлекеттік департаментінің тіпті де қатаң позициядағы құжаттама қабылдауын талап етіп отыр.
Ақ үй өкілінің айтуынша, Иранға бағытталып АҚШ Мемлекеттік департаменті дайындаған хатнама тым мәмілешіл болыпты. Себебі, мұнда Иранның ядролық қуаты күшейсе Орта-Шығыстың тұрақсыздығы мен аймақтағы террористік күштерді қолдау тебінінің артып кететіндігі ескерілмеген деген сын таққан. 18 сәуір күні ұсынылған бұл құжат Ақ үйдің көңіліне толмайды. Алдағы уақытта бұл хатнаманы дайындауға АҚШ президенті өзі пәрмен бергелі отыр.
Трамп үкіметінің басты мақсаты Иран ядролық мәселесінде бұдан бұрын қол қойылған келісімнен көрі қатаң келісімге қол жеткізу. Алайда, Иран АҚШ үкіметі осыдан бұрын қол қойған келісімді көлденең тартып, Американың жаңа үкіметінің бұл ісін арандатушылық деп табары мұнда тұр. Америка үшін Иран Орта-Шығыс тұрақсыздығын қалыптастыратын басты ел. Ал, оның ядролық дамуы бұл тұрақсыздықтың басты себебі болады деп алаңдайды.
Осының бәрі алдағы уақытта Иран-АҚШ арасында туылғалы тұрған жаңа теке-тірестің сигналы болып отыр. Трамптың Иранға деген саясаты сол елдің Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ өзге еуропалық елдерден көрі қатаң болатыны анық болды. АҚШ-тың Орта-Шығыс мәселесінде тереңдеп тамыр тартып қалған мүддесі жаңа дау-жанжал, қақтығыстарды ауадай қажет етеді. Бұл болашақ Қазақстанға жақын аймақ Орта-Шығыстың жаңа жағдайын алыстан аңдатып тұр.
The Qazaq Times