Қаңтар қырғынында Алматы қаласы Полиция департаментінде азапталып өлтірілген Жасұлан Анафияевтың ісі үкім оқылды.
Бір күн ішінде үкім оқитын уақыт төрт мәрте өзгерді. Алмалы аудандық сотының судьясы Есен Үстелбаев 7 күдіктінің бәрін кінәлі деп таныды. Алматы қаласы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторының жеті қызметкеріне шыққан үкім мынадай:
• Аян Елубеков – 10 жыл түрме жазасы;
• Махамбет Шынжырбаев – 10 жыл түрме жазасы;
• Закир Ибрагимов – 9 жыл түрме жазасы;
• Нұрлан Торыбаев – 8 жыл түрме жазасы;
• Ардақ Әзімбеков – 8 жыл түрме жазасы;
• Бейбіт Жақыпбаев – 8 жыл түрме жазасы;
• Арнат Мирадилов – 5 жыл түрме жазасы;
Олардың барлығы Қылмыстық кодекстің 146-бабы («Азаптау») 3-бөлігімен, яғни «жәбiрленушiні абайсызда өлтіріп алған» деп айыпталған.
Прокурор Ғабитов соңғы айыптау актісінде экс-полицейлерге 6-10 жыл жаза сұраған.
Сот айыпталушыларға жәбірленуші Жасұлан Анафияевтың қарындасы мен жарына 20 миллион теңге моральдық залалды бірігіп төлеуді міндеттеді. Сотталушылар процесс шығындарын да төлеуге тиіс.
Марқұмның туыстары сот үкіміне келіспейді. Жасұлан Анафияевтың қарындасы Ләззат Анафияева сотқа апелляциялық шағым түсірмек. Жәбірленуші тарап экс-полицейлер Қылмыстық кодексінің 146-бабымен («Азаптаулар») емес, әу бастан талап етілгендей 99-баппен («Адам өлтіру») жазалануы керек деп есептейді.
Қаңтарда кісі өліміне қатысты сотталған жай азаматтар кемі 15 жылдан жоғары, ал дәл осы айыппен жауапқа тартылған орган қызметкерлері көп дегенде 10 жылға жазаланғанын құқық қорғаушылары сот билігінің алалауы, қос стандарт ұстаным деп сынайды.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді