MRO зондының камералары Марстың солтүстік жарты шарындағы әлі толық зерттелмеген кратерде құрғақ мұздың еруі салдарынан пайда болған көшкін іздерінің суретін түсірді. Бұл туралы MRO жобасының бас маманы Альфред Макьюэн хабарлады. Көшкін іздерінің барлық суреттері HiRISE сайтында жарияланған.
Бұл аймақ - Марстың бетіндегі көшкіннің ең анық көрсетілген жері болып табылады. Осы секілді жыралар Марстағы қыс мезгілінде құрғақ мұз бөліктерінің жылжуы салдарынан пайда болады. Ал басқа жағынан қарағанда, солтүстік жарты шардағы қыс оңтүстікіне қарағанда жылырақ. Сол себепті де осы секілді көшкіннің жүруі - өте сирек кездесетін құбылыс.
"The Qazaq Times"