Еуропалық Одақтың ең негізгі тірегі болып қалған Германия мен Франция ЕО үшін аса маңызды. Олардағы саяси өзгерістер одақтың болашағына тікелей қатысты болса керек еді. Қазір Францияда демократиялы президент сайлауы болып жатыр. Сайлауға қатысқан кандидаттар арасында Еуропалық Одақты қолдамайтын, тіпті Ұлыбритания секілді одақтан бас тартқысы келетін партия өкілдері де бар. Десе де, ЕО сайлау нәтижесінен еш алаңдамайтынын айтуда.
Әлемдік танымал “The Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, 21 сәуір жұма күні, Еуропа комиссиясы өкілі хабарлама жариялап, алдағы Франциядағы сайлауда ЕО-ға күдікпен қарайтын партия жеңіске жетсе де, Еуроодақтың қалыбы бұзылмайды деген пікір білдірген. Сондықтан, Еуропа комиссиясы Франция сайлау нәтижесінен бұрын қандай да бір ерекше жоспар жасауы қажетсіз екенін айтты.
Еуропалық Комиссияның күнделікті өтетін баспасөз жиынында, Мина Андреева (Mina Andreeva) сайлау демократияның қалыпты бір бөлегі екенін ескертті. Сондықтан Андреева ханым: «Францияның демократиялық сайлауына бола Еуропалық Комиссияның арнайы жоспарлар түзуінің қажеті шамалы, Франция президенттік сайлауы ешқандай да дағдарысты көрсетпейді, бұл есесіне демократияның бір мүмкіндігі», – деп отыр.
Андреева ханымның айтуынша Еуропалық Комиция төрағасы Жан-Клод Юнкер (Jean-Claude Juncker) бұл сайлауға толықтай сенімділікпен қарайды. Ол да Францияда ЕО-ға қарсы партия сайлауда жеңіске жетсе де Еуроодақтың табан тіреп тұра беретінін айтады. Еуроодақ Комиссиясы Франциядағы сайлауға араласпай, сайлау еркін франциялықтарға еркін беруді қуаттап отыр.
The Qazaq Times