Өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Қаныш Ізбастиннің «ықтимал активтері» туралы жазба жариялаған журналист, блогер Махамбет Әбжанды 9 жылға қамалды.
Үкім 3 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.
Әбжанға Қылмыстық кодекстің 274-бабы «көрінеу жалған ақпарат тарату» – «Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әреке, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша айып тағылған.
2022 жылдың 3 шілдесінде 39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады» деп тұтқындаған. Әбжан тағылған айыптарды жоққа шығарған. Журанлист қамауға алынардан бұрын телеграм-арнасында өзін қаралайтын жалған ақпараттар таралып жатқанын жазғанболатын.
Әбжанның қамалуын кейбір сарапшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиенінің криптовалюта өндіретін фермаға қатысты «ықтимал активтері» туралы жазба жариялағандығына байлатыстырады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі