Елдің ертеңгі болашағы саналатын жастардың хал-ахуалы тулы бүгінгі қоғам көп дүниені ескермейтіні жекелеген тұлғаларды ашындырады. Осыған айғақ болатын анық мысалды бүгін жаңа қала Қонаевтан Талдықорғанға бара жатып куә болдық. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен жастардың көбінің Агрессивтік мінез-құлықтарын көріп қоғам осыған барынша ден қоюы керек деген ойға келдік.
Қонаевтағы жұмысымыз аяқталған соң Талдықорғанға қайту үшін авто бекеттің маңында тұрған таксиге қызметтесіміз екеуміз міндік. Көлік орнынан қозғала бере шамасы 16-17 жастар шамасындағы жасөспірім бала арқасында үлкен рузагі бар такси тосты. Жүргіуші тоқтап көліктің терезесін түсірді.
- Талдықорған, -деді бала.
- Иә, отыра ғой, сумкаңды жүк салғышқа сала ғой - деді жүргізуші.
-Жоқ! қолыма ұстап отырам. - баланың даусы қаттырақ шықты. жүргізуші көзін бағжаң еткізді де басын шайқап барып жол ақысымен келісіп отырғызып алды.
Енды Алматы-Өскемен трассасына шыға бере қарт әйел кісі жол тосты. Такси оғанда тоқтады. Талдықорғанға баратын айтты. Алдыңғы орындықта отырған қызмттесім көліктен түсіп: -апай алдына отырып алыңыз, арттан қиналып қаларсыз, - деп еді, әлгі кісі -Жоқ рахмет, көліктің алдына отырсам жүрегім көтеріліп кетеді, артына отырайын дегені сол еді менің жанымда отырған бала жанталасып көліктен шықты да алдыңғы орындыққа барып отырып алды. Жас бала ғой деп ішімізден ренжісекте ешкімізміз үндемедік. Ортаға қызметтесім отырды. Есік жаққа апай отыр. Ана мынаны айтып шүйіркелесіп отырғамыз. Көлік Арқарлы асуына таяғанда алдағы отырған бала орындықты барынша шалқайтып алды. Артта отырған апайдың тізесін басып қалды.
-Балам орындығыңды кішкене көтере ғой. Аяғым қысылып қалды... -апай жаймен тіл қатты. Бала қолағына киген құлаққаптың әсеріне болса керек естімеді. Сосын жүргізіуші баланың жеңінен тартып: -арттағы адам қысылып қалды, орындығыңды көтер, -деп еді анау басын көтерместен -кетші-ей! тегін алып бара жатандай, ақшақды төлеймін солай келістік! бұл орынды Талдықорғанға дейін мен арендават еттім. Жеткенше қалай отырам өзім білем... деп ары қарай боқауыз сөз айта бастады.
-Есің дұрыс па?!- жүргізуші түтеп кетті. Көлікті баяулатып барып жол шетіне тоқтады да - адамша айтқан соң сөз тыңда бала, сен менің немеремдейсің! артыңда әжеңдей адам отыр. Оның аяғын баса жаншып орындықты шалқалатуға сенің ақың жоқ. Әуелі бұл орынды мына тәтең ана апайға берген. Оған келіп отырып алдың. Ұялмайсың ба? Қаламасаң түсіп қал да басқа көлікке отыр... деп еді анау бала біреу күш қолданғандай бажылдай жөнелді.
Менің қақым, құқым, сен кәмелет жасына толмаған балаға қысым көрсетіп отырсың "Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңның 4 бабының 1 тармағына сай мен тең құқылымын. Бұл орында қалай отырғым келеді солай отырамын" басымды қатырма деді.
Күйіп кеткен жүргізушы -мынау бір тәмпіш қой-ей! деп еді анау бала тіптен өршеленіп кетті. Не керек Талдықорған қаласына жеткенше құлағымызды сарсытып лекция оқып барды. Шалқалатқан орындығын сол қалпы көтірмеді.
Бұл біздің көзімізбен көрген бір ғана жағдай. Өткенде ғана әлеуметтік желіден Алматы қаласындағы көше автобуындағы жас баланың үлкен кейуанаға қалай дауыс көтергенін көріп қоғам болып түршіккен еді. Демек бұл кездейсоқ емес. Бүгінгі жастардың көбінің бойында бар жаман әдет. Қоғам болып бұны емдеу керек. Тәрбие жүргізіп баланың құқықтарынмен бірге адамгершілік тәрбиесінде беруге міндетті екенімізді әр ата-ана есте мықты сақтау керек.
Елдің ертеңгі болашағы жастардың тәрбиесін жастайынан қадағалау қоғамның басты міндеті екенін естен шығармайық.
Талдықорған қаласы,
Әмина Адайхан