АҚШ Қытай қатынасы. АҚШ Тайваньмен ресми сауда келіссөздерін бастайды, Бұл туралы АҚШ сауда өкілінің орынбасары Сара Бьянки мәлімдеді, деп жазды BBC ақпарат агенттігі
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарынан бірнеше апта өткен соң АҚШ Тайваньмен ресми сауда келіссөздерін бастайтынын мәлімдеді. АҚШ сауда өкілдерінің кеңесі келіссөздер күзден басталатынын мәлімдеген. Олар сауданы жеңілдету, цифрлық сауда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бойынша келіссөздер жүргізбекші. Бұл келіссөздердің АҚШ пен Қытай қатынасына салқындығын тигізетіні сөзсіз. Нэнси Пелосидің Тайванға сапарынан соң ушығып, Қытай Тайвань төңірегінде ең ірі әскери жаттығуларын бастаған болатын. Америка Құрама Штаттарының сауда өкілінің орынбасары Сара Бьянки: «АҚШ пен Тайвань арасындағы сауда 2020 жылы шамамен 106 миллиард долларды (88 миллиард фунт стерлинг) құрады, ары қарай да жалғастырамыз. «Бір Қытай саясаты» аясына АҚШ араласпайды, Қытайды мойындайды және ресми байланыстары бар, бірақ Тайваньмен «мықты бейресми» қарым-қатынасты сақтайды, оның ішінде аралға өзін қорғай алатындай қару-жарақ сатуды жалғастырады» деп мәлімдеді. Бейжің Тайванды Қытайдың территориясы санайды. Ал, Тайвань - өзін-өзі басқаратын арал, ол өзін материктен бөлек ел ретінде қарастырады. Бейсенбіде АҚШ-тың Шығыс Азия бойынша бас дипломаты Дэниел Критенбринк Бейжіңнің «күшейіп келе жатқан мәжбүрлеу саясаты Тайвань бұғазының тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіретінін» айтты.
Н.Байтұрсын


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі