АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің Флоридадағы үйіне ФБР тінту жүргізгенін, үйдегі сейфті бұзып ашқанын айтты.
Дүйсенбі күнгі тінтуде Трамп мырзаның құжаттарын тексерген. "Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының президенттерінің ешқайсысында мұндай жағдай болған емес»- деді бұрынғы президент. Трамптың адвокаты Кристина Бобб NBC News-ке берген пікірінде тінту кезінде кейбір қағаздар тәркіленгенін айтты, оның үйінен бірнеше қорап құжат алынған. Американдық президенттер Президенттік жазбалар туралы заңға (PRA) сәйкес өздерінің барлық хаттарын, жұмыс құжаттарын және электрондық пошталарын Ұлттық мұрағатқа (NA) беруі керек.
Ақпан айында Ұлттық мұрағат Мар-а-Лагодан 15 қорап қағазды алғанын айтты, оны Трамп Ақ үйден шыққан кезде тапсыруы керек еді. Ұлттық мұрағат шенеуніктерінің айтуынша, бұрынғы президент көптеген құжаттарды заңсыз бүлдірген. Олардың кейбіреулерін қайтадан қалпына келтіруге тура келді дейді. Алайда Трамп мырза және оның жақтастары болған оқиғаға наразы. Олардың айтуынша Америка қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде сыбайлас жемқорлық жайлаған елдердің біріне айнаған. Бұл жағдай оның 2024жылы болатын президнттік сайлауға дайындығы басталған кезде болғандықтан, сайлауға қатыстырмау үшін жасалып жатыр деп санайды.