2 тамызда Ферғана мұнай оңдеу зауытында жумыс істейтін Санобархон Хайдаова кәсіпорын аумағанда өз-өзін өртеді.
47 жастағы қызметкер өзінің жұмыстан негізсіз шығарылғаны үшін үстіне бензин құйып өз-өзін өртеген. Ал, мұнай өңдеу зауытының баспа сөз қызметі «әйелді жұмыстан шығармаған, оны мекемеге кіру куәлігі болмауына байланысты ішке кіргізбеген. Оның үстіне, әйелдің отбасында бір қиыншылықтары болған» делінген мәлімдеме жасаған.
Осыған орай Санобархон Хайдарованың туыстары Ферғана зауыты таратқан мәліметті жалған екендігін айытқан туыстары: «Қазір біз Санобархонмен біргеміз. Оның денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Көзі көрмейді, бірақ есін біледі. Оны өз-өзін өртейтіндей жағдайға жеткізген. Ол бәрін айтып берді. Басқа жұмысқа ауыстырамыз деп жұмыстан кету туралы арыз жазғызған. Ол келіскен. Бірақ зауытқа келгенде оны кіргізбей қойған. Сөйтіп ол жұмыссыз қалған. Ол Феруза есімді директор орынбасарымен сөйлескен. Ол жұмыстан қысқартылғанын айтқан. Әпкеміз үйіне жылап қайтқан. Ертесіне жұмысқа қайта барған, бірақ оны күшпен шығарып жіберген. Зауыт басшылығы әпкемізді алдады», сондай-ақ, «Бұл зауытта сегіз жыл жұмыс істеген. Жақсы жұмысы үшін грамота, телевизор алған. Енді өз-өзін өртеуге дейін жеткізген зауыт басшылығы оның асты-үстіне түсіп, жағдайын жасап жүр. Енді бұдан не пайда?» - дейді.
Соңғы жылдары наразылық акциялары өтіп тұратын Ферғана мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары жұмысшылырды қысқарту мен жалақының аздығына жиі шағымданады.
Өзбек бас прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу, тексеру жүріп жатқанын хабарлады.