1 тамызда Өзбекстан Конституциясына енетін өзгерістерді жалпыхалықтық талқылау аяқталды. Конституциялық комиссия 117 357 ұсыныс түскенін, олардың дені президент мерзімін ұзартуды қолдағанын хабарлады деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Азаттық радиосы Өзбек қызметінің мәліметінше, бюджеттен қаржы алатын ұйымдарда істейтін жұмысшыларды Өзбекстан президенті мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін созу немесе Мирзияевті өмір бойы президент етіп қалдыру туралы ұсыныс тастауға мәжбүрлеген.
Бекадат қаласындағы "Өзметкомбинат" компаниясының бір жұмысшысы ұсыныс көшірмесін "Озодлик" редакциясына жолдады.
"Мен Ташкент облысы Бекабад қаласында тұрамын. Мемлекетіміздегі ремормаларға өте ризамын. Сол себепті Конституцияның 90-бабына қатысты ұсыныс айтқым келеді. Өзбекстан президенті мерзімі бес жылдан жеті жылға созылсыз немесе мемлекет басшысын өмірлік президент деп қалдырсын", - делінген кәсіпорын жұмысшылары қол қойған мәлімдемеде.
Жұмысшылардың айтуынша, 23 шілдеде комбинатқа Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов келген. Содан кейін кәсіпорын басшылығы алдын ала дайындалған мәлімдемеге жұмысшыларға қол қойғыза бастаған.
- Біздік атқарушы директор Дилшод Ахметов ІІМ академиясын бітірген, бұрын Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінде істеген. Ол комбинатқа келген соң қауіпсіздік бөлімі ашылды. Енді сөз тасушылар мәліметтің бәрін осы бөлімге жеткізіп тұрады. Сол себепті комбинат жұмысшылары қорқады, үнсіз қағаздарға қол қойып береді, - дейді "Өзметкомбинат" жұмысшысы.
Осы тәріздес арыздар республиканың басқа да өңірлерінен түсіп жатыр.
Конституциялық комиссия ата заңға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өтетін күнді әлі белгілемеді, бірақ республикада саяси науқанға дайындық қызу жүріп жатыр.
Шавкат Мирзияев 2016 жылғы желтоқсанда кезектен тыс президент сайлауында Өзбекстан президенті болып сайланды. 2021 жылғы қазанда Мирзияев 80,12% дауыспен президент сайлауында екінші мәрте жеңіске жетті.
Өзбекстан Конституциясының жаңа нұсқасы референдумда мақұлданар болса, онда Мирзияев 83 жасқа дейін немесе өмір бойы елді басқарады.